010000, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы 12, 403E кеңсе

Тұруға виза

Тұруға виза Сауд Арабиясы Корольдігінде жұмыс істейтін немесе оқитын адамдардың іссапарында бірге барушыларға және онымен жақын қарам-қатынаста болатын адамдарға беріледі.

Виза алу үшін құжаттардың тізбесі:

1.Төлқұжат  (түпнұсқасы және бірінші беттің көшірмесі).

2.Елшілікке құжаттарды тапсырған күні кем дегенде 12 ай әрекет ету мерзімімен төлқұжат 

жаңа үлгідегі төлқұжат ЖСН төлқұжаттың ортасында.

3.Визаны ресімдеу үшін төлқұжатта мөртаңба мен мөрі жоқ кем дегенде 2 бос бет болуы тиіс.

4.Сауалнама баспа әріптермен ағылшын тілінде толтырылады.

Бір парақта екі жағынан қолдар төлқұжаттағы сияқты басып шығару.

5.Жеке парақта шақыратын тараптың толық мекенжайы және байланыс телефондары, сондай-ақ, P.O BOX , ZIP CODE көрсету.

6.Ақ немесе ақшыл фонда 4х6 көлемімен екі жаңа түрлі-түсті фотосурет.

7.Төлқұжатта жыртылған, жапсырылған немесе бүлдірілген беттер болмауы тиіс.

8.Шақыратын тараптан шақыру қағазының түпнұсқасы немесе көшірмесі.

9.Шақыратын адам төлқұжатының басты бетінің көшірмесі және оның Икамы көшірмесі (САК тіркеу/резидент визасы).

10.Туыстығын растайтын құжаттар:

  • ЕР ЗАЙЫБЫ ҮШІН — араб тіліне аударылған және ҚР СІМ куәландырылған неке туралы куәлік + ТҮПНҰСҚА.
  • БАЛАЛАР ҮШІН – араб тіліне аударылған және ҚР СІМ куәландырылған туу туралы куәлік + ТҮПНҰСҚА.
  • Неке/туу туралы шетел куәлігі бар азаматтарға құжат беретін елде САК елшілігінде куәландыру қажет + ТҮПНҰСҚА.

11.Ағылшын тілінде толтырылған, белгілі үлгісі бойынша мед анықтама (сайттан жүктеп алуға болады) түпнұсқада 1 дана, сондай-ақ, емхана мөрімен және дәрігердің қолымен аударусыз талдаулардың барлық нәтижелерімен талдау нәтижелерін қоса беру; қан, несеп, үлкен дәрет, флюорография, кардиограмма немесе терапевтінің жүрек нормада деген қолы, окулист, лор, дерматолог.

Меданықтама үш айға жарамды және талдаулар визаға өтінім берген сәттен бастап 3 айға ғана жарамды

Елшіліктің мед бланкінің өзінде 2 мөр ғана: фотосуретте клиниканың мөрі және терапевтінің жеке мөрі.  Анықтама келесі аурулардың жоқтығы туралы мәліметтер болуы тиіс:

  • иммунодефицит вирусы (АИТВ-инфекция).
  • гепатит A, B,C.
  • менингит.
  • кене энцефалиті.
  • нарко диспансерден есепте тұрмайтындығы туралы анықтама.
  • псих диспансерден есепте тұрмайтындығы туралы анықтама.

Араб тіліне аударылған және нотариалды куәландырылған 1 данада талдаулар нәтижелері жеке-жеке тек ересектер және 12 жастан асқан балалар. 12 жасқа дейінгі балалар емхананың мөрі бар, егулерді жасаған дәрігерлердің мөрі мен қолы бар, араб тіліне аударылған және нотариалды куәландырылған егу паспорттарын береді.

1) АИТВ – 1дана;   2) Гепатит С – 1 дана;  3) Есірткіге талдау, қанда есірткінің болуы туралы немесе болмауы туралы. 4) Психиатордан психикалық жағдай туралы қорытынды.

  • Әйелдер гинекологтан, араб тіліне аударылған және нотариалды куәландырылған визаға құжаттарды берген сәтте жүкті еместігі туралы анықтаманы ұсынады.

12.Сотталмауы туралы анықтаманың түпнұсқасы араб тіліне аударылуы және ҚР СІМ куәландырылуы тиіс.

13.Тұруға ыхтиярхат түпнұсқасы (ҚР тұратын шетелдіктерге қатысты).

14.САК барған кезде өзімен бірге Мед анықтаманың, туыстығын растайтын құжаттар және  сотталмауы туралы анықтама түпнұсқалары.

15.Барлық құжаттарды көшірмелермен 2 данада ұсыну.

16.Сауд Арабиясы Корольдігі Елшілігінде біздің өкіліміздің атына визаны ресімдеу мәселелері бойынша мүддені ұсыну құқығын беру туралы сенімхат.

ҮЛГІ

ҮЛГІ

Жүктеу