010000, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы 12, 403E кеңсе

Кіру/шығуды ұзарту

Аталмыш виза Re-entry визаның мерзімі өтіп кеткен жағдайда беріледі. Re-entry виза иқамасы бар (резиденттік карта) азаматтарға САК аумағынынан шыққан мезетте беріледі.

Қажетті құжаттар тізімі:

1.Төлқұжат (түпнұсқа және басты беттің көшірмесі).

2.Төлқұжат визаға тапсырған уақытта әлі кем дегенде 6 ай жарамды болуы тиіс. Төлқұжат ҚР азаматтарына арналған жаңа үлгіде болуы керек, ЖСН нөмірі төлқұжат ортасында көрсетілуі тиіс.

3.Виза рәсімделу үшін төлқұжатта кем дегенде 2 бет бос болуы керек.

4.Сауалнама латын тілінде қолмен немесе баспамен терілген болуы керек,САУАЛНАМАНЫ ЕКІ БЕТІН БІР ПАРАҚТЫҢ ЕКІ ЖАҒЫНДА ШЫҒАРЫП, ТӨЛҚҰЖАТТАҒЫДАЙ ҚОЛ ҚОЙЫЛУ КЕРЕК.

5.2 жаңа түрлі-түсті сурет, ақ немесе ақшыл фонда түскен.

6.Төлқұжатта жыртылған,жабыстырылған немесе қалай да бүлінген парақ болмауы қажет.

7.САК аумағынан кіріп/шығуға рұқсат беретін Re-entry визасы.

8.Жұмысберушіден Re-entry визасының мерзімін ұзартуды өтініш жасаған хат. Хат САК СІМ заңдастырылған болуы керек.

9.Барлық құжатты 2 көшірмесімен дайындаңыз.

Елшілікке сіздің атыңыздан визаға құжаттарды тапсыруға біздің компанияның өкіліне сенімхат.