010000, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы 12, 403E кеңсе

Жиі қойылатын сұрақтар

  1. Визаны ресімдеу мерзімі қандай?

Құжаттардың толық пакетін берген кезде визаны ресімдеудің стандартты мерзімі 2-3 жұмыс күні.

Тұруға арналған визаны, оқу визасын және жұмыс визасын ресімдеу мерзімі Қазақстан Республикасының СІМ құжаттарды заңдастыруға байланысты ұлғаяды.

  1. Сауалнама қай тілде толтырылады?

Ағылшын, араб

  1. Визаның дайын болғандығы туралы қайдан білуге болады?

Біз сізге телефон шаламыз немесе жазамыз.

  1. Мед анықтама қандай нысанда болуы тиіс?

Елшіліктің мед анықтамасы сайтта бар, оны Тұруға, Жұмысқа визалар тарауынан жүктеп алуға болады.

  1. Баланың жеке төлқұжаты болуы тиіс пе?

Иә, жасына қарамастан, визаны алу үшін, әрбір азаматта өзінің шетел төлқұжаты болуы тиіс.

  1. Балалардың егу туралы паспорты болуы тиіс пе?

Иә, міндетті түрде, Резиденттік визаға беру кезінде

  1. Сауд Арабиясы Корольдігіге туристік виза бар ма?

Жоқ, САК туристік визалар ресімделмейді. Олардың орнына Умра және Хадж қажылық ресімделеді

  1. Хадж/Умраға визаны қалай ресімдеуге болады?

Біздің компания қажылық мәселелерімен айналыспайды, туристік компанияға жүгініңіз.