010000, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы 12, 403E кеңсе

Сауд Арабиясына виза

«ORIENT EXPRESS SERVICE» ЖШС Қазақстан Республикасы Астана қаласындағы Сауд Арабия Корольдігінің Елшілігінде аккредиттеуден өткен ресми агенттік.

Казақстан немесе басқа да шетел азаматтары Сауд Арабия Корольдігіне виза рәсімдеу үшін ORIENT EXPRESS SERVICE компаниясының қызметіне жүгіне алады.

Өтініш, Сауд Арабия корольдігіне виза алмас бұрын төмендегі ережелермен мұқият танысып шығыңыз:

Сауд Арабия Корольдігінің елшілігіне визаға тапсырылған барлық өтініштер жекеше түрде қаралады, сондықтан Сауд Арабия Корольдігінің елшілігі кез-келген уақытта сізден басқа да құжатты немесе мәліметті талап етіп қалуы мүмкін.

Сауд Арабия Корольдігінің елщілігінде визаға құжаттарыңыз қабылданған жағдайдың өзінде,  сіздің Сауд Арабия Корольдігіне виза алатыныңызға кепілдік жоқ. Сауд Арабия Корольдігіне сапар шеккісі келетін азаматтар Елшілік еш себебін түсіндірместен виза бермеуге құқығы бар екенін білуі тиіс. Сауд Арабия Корольдігіне сапар шегу үшін ҚР және басқа да шетел азаматтарында мерзімі жарамды виза болуы керек.  Сауд Арабия Корольдігінің ешбір кіру/шығу пунктінде елге келген бойда виза берілмейді.

«ORIENT EXPRESS SERVICE » ЖШС виза берілмеген немесе құжаттарды қарау мерзімінің созылу жағдайында  өз мойнына жауапкершілік алмайды.

Сауд Арабия Корольдігіне визаны бермеу туралы шешімді елшілік қабылдайды. Сауд Арабия Корольдігіне визаға құжаттар қабылданбаған жағдайда, ол туралы визаға тапсырушыға мәлімделеді.

«ORIENT EXPRESS SERVICE » ЖШС Сауд Арабия Корольдігінің елшілігінде виза берілмеу жағдайында өз мойнына жауапкершілік алмайды. Сондай-ақ виза агенттігі өтінішкердің құжаттарының қаралу мерзімінің созылуына немесе мүлде тоқтатылып, виза берілмеуіне байланысты туған залалдарға жауапты емес. (алдын-ала алынған әуе билеттері, Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға тиым салынған жағдайда, сонымен қатар өтінішкерге немесе оның отбасы мүшелеріне Сауд Арабия Корольдігіне кіруге тиым салынған тағы да басқа жағдайдарда)

Қызметтік алым виза берілмеген жағдайда қайтарылмайды.

  • Визаға тапсырушы сапар барысында  Қазақстан республикасының және Сауд Арабия Корольдігінің заңнамасын сақтауға өз басы жауап береді, оған қоса медициналық сақтандыру, полициядан қажетті анықтама алу және т.б.

Сауд Арабия Корольдігіне виза берілген азаматтар төмендегі талаптарды орындауы керек:

  1. Сауд Арабия Корольдігінің ережелері мен заңдарын сақтау
  2. Сауд Арабия Корольдігінде қабылданған ислами әдет-ғұрып пен заңдарды құрметтеу
  3. Сауд Арабия Корольдігінде тиым салынған саяси таңбалар мен әдепсіз суреттерді кіргізбеу
  4. Есірткінің кез-келген түрін кіргізбеу (Сауд арабия Корольдігінің заңдарына сәйкес Сауд Арабия Корольдігінің аумағына есірткі кіргізгені үшін жаза ретінде өлім жазасы белгіленген)
  5. Сауд Арабия Корольдігінің аумағында визада көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін қалмау

Өтінішкер ауызша немесе жазбаша  (келісімшарт жасасу арқылы) өзінің барлық ережелермен танысқандығын, алдағы уақытта ешқандай шағымы болмайтындығын растайды.

Сауд Арабия Корольдігіне виза берілмеген жағдайда өтінішкерге виза үшін консулдық алым құны қайтарылады, алайда міндетті медициналық сақтандыру мен қызметтік алым құны қайтарылмайды.